Мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді
Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат Telegram каналдардың бірінде пайда болды.
Ақпаратқа сүйенсек, ер адам ломбардқа телефонын өткізбек болған. Ломбард қызметкері телефон ер адамға тиесілі екеніне көз жеткізу үшін суреттерді көрсетуді сұраған. Осылайша ер адамның телефонынан 18+ суреттер шыққан.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қаз
Рус






