Сауда орталығында тілек ағашы бой көтерді
Астананың Есіл ауданындағы «Керуен» сауда орталығында «Армандар әлемі» атты ерекше «Тілек ағашы» орнатылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Мейірімділік пен қайырымдылықты дәріптеуге бағытталған бұл ағаш бұтақтарына балалардың тілектері жазылған QR-кодтар ілінген. Оны сканерлеу арқылы кез келген адам Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың тізімімен танысып, бір баланың арманын орындап, сыйлық сыйлай алмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – қоғамды өзара көмек пен қамқорлыққа шақыру.







