Павлодарда күйеуі әйелін 28 рет пышақтап өлтірді

266

Ерекше қатыгездікпен әйелін өлтірген Павлодар тұрғыны 15 жылға сотталды. Әйел қылмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қарағандыда егізін пышақтап өлтірген 21 жастағы жігіт сотталды
Айыпталушы мен оның жұбайының арасында ажырасу рәсіміне байланысты жанжал туындаған. Пәтерде ер адам әйеліне 28 рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан ол қылмыс орнында қайтыс болды.


Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін үкім шығарды. Қылмыскердің кінәсі куәгерлердің, жәбірленушілердің айғақтарының, сараптамалардың және басқа да деректердің көмегімен дәлелденді.


Соттың хабарлауынша, прокурор сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы мен оның қорғаушысы "ерекше қатыгездік" белгісін алып тастауды және әрекеттерді баптың 1-бөлігіне қайта саралауды сұрады. 


Жеңілдететін мән-жайларды, асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын, кінәсін ішінара мойындауын есепке ала отырып сот ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды”, – деді Павлодар облысы бойынша БЖСМ баспасөз қызметі.


Нәтижесінде жәбірленушілердің талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.