«Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалған» – Зейнеп Ахметова

593
Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалған. Бұл туралы батырдың келіні, жазушы Зейнеп Ахметова «Зейнеп апаның әңгімелері» бағдарламасында айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғанының 250 жылдығы өтіп жатқан кезде атам қайтыс болды. Қосылсаңдар қосылыңдар, мен кеттім дегендей. Соныменен атамыз 4 күн жатты жерленбей. Өйткені, тойдың кезі болатын. 250 жылдық өткен күннің ертесіне РСФСР әдебиеті мен мәдениеті күндері басталды. Бүкіл орыстар көшіп келді, атақтыларының бәрі келді Алматыға.

Сондай кезде атаны шығарып сала алмады. Өйткені, халық келеді, жиналады. Құдай басқа салмасын, әлі күнге дейін ойласам, жүрегім сыздап кетеді. Бізді араластырмайды, бізге рұқсат етпейді. Ол Совет Одағының кезі. Қазір болса әй, кет ары дейміз ғой. Ал ол кезде өйте алмайсың. Сөйтіп төртінші күні ғана ата жерленді. Бірінші Кеңсай деп аталатын жерде жоғары жағына төбеге ата жалғыз қойылды»,- деді келіні.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.