Каспий жағалауының маңында өлі аққулар табылды

1 516

Фото:© Азамат СәрсенбаевТеңіз жағасында қырылған құстарды жергілікті тұрғын байқап, бұл туралы әлеуметтік желіде жариялаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жағалауда әртүрлі жағдайда жатқан құстар кездескен: кейбірі жақында өлген болса, енді бірі ұзақ уақыт бойы жатқан.

Осы жағдайға қатысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы түсініктеме берген. Ведомство мәліметінше, құстардың жаппай қырылу дерегі тіркелмеген.

25 -ші наурыз күні Сайын Шапағатов ауылындағы жағалау аумағынан 11 аққудың өлексесі табылған. Барлық өлекселер белгіленген тәртіпке сәйкес жойылды. Жаппай қырылу фактісі анықталған жоқ, - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта Түпқараған ауданы мен Ақтау қаласы маңындағы жағалау аймақтарында мониторинг жүргізіліп жатыр. Жағдай құзырлы органдардың бақылауына алынып, тиісті қызметтер жұмыс істеуде. Қарақия-Қаракөл қорықшасы аумағындағы Қаракөл көлінде құстардың қырылу жағдайлары тіркелмегені хабарланған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.