Аудан әкімі тұрғындарды аяқсумен толық қамтамасыз етуді тапсырды
Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентінде ұйымдастырылған сенбілік шараларымен танысып, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аудан бойынша өткізілген санитарлық тазалық жұмыстары барысында талдарды әктеу, көше тазалығы және аяқсу жолдарын ашу, бау-бақша мен көше бойындағы талдарға көктемгі науқанда күтіп-баптау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ, Жалағаш кенті көшелеріше күнделікті тұрақты түрде су себу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.
Жаз мезгілінде тұрғындар ауызсуды жылдық мерзім мөлшерінен асыра пайдаланатындықтан, аяқсумен толық қамту мәселенің бірден бір шешімі екенін айтты.
Сенбілік жұмыстарына аудан бойынша меншік нысанына қарамастан барлық 145 мекеме қатысып, 24 дана техника жұмылдырылды.
Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар тазартылып, қураған талдар кесіліп, аяқ су жүретін арықтар қураған жапырақтардан тазартылып, 20 тоннаға жуық күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
Сонымен қатар, Жалағаш кенті және ауылдық округтердегі саябақтар мен аллеяларды тазалау жұмыстары жүргізілді.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Т. Жүргенов ауылының тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының электрмен жабдықтау жұмыстарымен танысты.
6 ай мерзімде Т.Жүргенов ауылының тұрғын үй секторларна электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс сапары барысында ауыл ардагерлерімен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Ауылда бастау алған ауқымды жобаның іске асуы барысында тұрғындар пікірі маңызды екенін айтты.
Сонымен бірге, жауапты мердігер мен сала бойынша жауапты бөлім басшыларына елдімекендегі көптен бері оң шешім тапқан тұрғындар сұранысындағы жүйелі істің мерзімінде уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, Есет батыр елді мекенінде де электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі А.Ибраимов Жалағаш кентіндегі Шоңбай ақын көшесін аралап, көше тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аудан әкімімен кездескен тұрғындар Шоңбай ақын көшесін күрделі жөндеуден өткізіу мәселесін қозғады.
Бұл ретте, аудан әкім Ардақ Ибраимов тұрғындардың ұсыныс-тілектеріне сәйкес ағымдағы жылы аталған көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінің жеткізіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындармен кездесу кезінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарына тұрғындар тарапынанда қолдау білдіруді сұрады. Айта кетейік биыл да көшелерді абаттандыру, жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасатын болады.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Бұқарбай батыр ауылдық округі «Байтабын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш алқабына алғашқы дән себу рәсіміне қатысып, қасиетті Жер-Анадан өздерінің ризық - несібесін терген диханшыларды көктемгі науқанның басталуымен құттықтады.
«Жалағаш ауданы - ауылшаруашылығы саласы бойынша жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп, өңір қазынасының ұлғаюына айтарлықтай үлес қосуда. «Ақ күріштің Қостанайы» атанған жалағаштық диқандар былтырғы жылы үлкен сенімнен шықты. Күміс дәнін күнге сүйдіріп, ырзығын ысырапсыз жинап алған бейнеткер қауым ел ризығын молайту жолында аянып қалмады.
Ал, мұның бәрі, аудан еңбеккерлерінің ынтымақ, бірлігінің жемісі екенін айта кеткеніміз дұрыс.
Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы 36 565 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр»,-деді Ардақ Ибраимов.
Аудан бойынша 199 шаруашылық егінмен айналысса, оның ішінде күріш дақылын орналастыратын шаруашылықтар саны - 152. Орын алуы мүмкін су тапшылығын ескере отырып, күріш дақылының көлемі өткен жылдан 1300 гектар қысқартылып, тиісінше суды аз қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарына басымдық берілуде.
Көктемгі тіршілікте ауыл шаруашылығы техникалары шешуші рөл атқаратыны белгілі.
Осы ретте ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту мақсатында биылғы жылы 316 млн. теңгеге 6 дана техника сатып алынды.
Сонымен қатар, суды үнемді пайдалану үшін тамшылатып суару әдістерінің қолдану аясын кеңейтуге басымдық берілуде. Аудан шаруашылықтары жыл сайын егін орналастыру кезеңінде 20 мың гектар жерді лазерлік жер тегістегішпен тегістеп отырады. Бұл жұмыстар да өз кезегінде, су үнемдеуде өз нәтижесін беруде.
«Байтабын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылда жоғары өнім алып алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Шаруашылықтың диқандары былтырғы жылы 1202 гектарға күріш егіп, әр гектарынан 56,4 центнерден өнім алса, биылғы жылы 1175 гектарға күріш егу жоспарланып отыр.
Оның үстіне бұл серіктестік тек күріш егіп қана қоймай, мақсары, жаңа жоңышқа, ескі жоңышқа да өндіріп келеді. Атап айтқанда, 76 гектар мақсары, 228 гектар жаңа жоңышқа орналастырып, 543 гектар ескі жоңышқа дақылын күтімге алған.
Қазіргі таңда, серіктестікте 135 адам жұмыс жасаса, қырман іске қосылғанда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Дән себу рәсімінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және Қазақстанның Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденінің иегері, Таң «ЛТД» ЖШС-нің төрағасы Имамзада Шағыртаев еңбеккерлерге сәттілік тіледі.