Балалар мінген автобус отқа оранды

60

Оралда балалар мінген автобус тұтастай жанып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балалар отырған автобустың жанып кеткенін БҚО төтенше жағдайлар департаменті растады. Оқиға бүгін түскі сағат 12:40-тар шамасында болған. 


“Г. Бельгер көшесінің бойында жекеменшік “ПАЗ” маркалі автобусы тұтастай жанып кетті. Балалар сыртқа қашып үлгерген. Абырой болғандай жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ”, – делінген ақпаратта. 


Өрт араға жарты сағат салып сөндірілген. Автобустың сау-тамтығы қалмады. Оқиға орнында 1 бірлік техника мен 6 өрт сөндіруші жұмыс істеді. 


Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.