Жасөспірім қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер азамат ұсталды

226

Фото: МВД РФБатыс Қазақстан облысында көшеде 15 жастағы қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер азамат ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

15 жастағы қыздың анасы әлеуметтік желілерде ер адамның қара "Приорадан" түсіп, қызына жақындап, "Ескі собор"аялдамасында тұрған кезде жыныс мүшесін көрсеткенін жазды. Оның айтуынша, оқиға 16 қыркүйек күні таңертең болған. Қыз бала көлік нөмерін есте сақтай алды.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына кірісіп, тез арада құқық бұзушыны анықтаған. Ол 35 жастағы ер адам болып шықты және әрекетін мойындады. Полиция ұсталған адамның әрекетін “бұзақылық” деп атады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.