Анасы баласын вокзалға әдейі тастап кеткен

1 380

Фото: freepik.comАстанада вокзал маңында кішкентай бала табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Анасынан көз жазып қалған бала  медициналық мекемеге орналастырылды.

Әуелі WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тараған. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында «Баладан бас тартамын» деген жазба бар екені айтылған.

Көлік департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Сонымен қатар полиция баланың анасы іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

«Астана» станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша соталды тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды», делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.