МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАЗАЛЫЛЫҚ ТОМАЙ БАЛҒАЗЫҒА «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІН ТАБЫСТАДЫ

1 721

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіБүгін Елорда төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Форумда Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды.

Жиында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазалы ауданындағы «РЗА Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі Томай Балғазы Аймағамбетұлын Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. 

Форумға Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі орынбасары Бахыт Жаханов, Еңбек Ерлері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен 50-ден астам шаруа қожалық басшылары қатысты.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.