Жемқорлардың тізімі жарияланатын арнайы сайт ашылуы мүмкін

1 517

Қандай да бір кандидатты қызметке алмас бұрын, басшы сол сайтқа кіріп, ол үміткердің жемқорлық жасаған-жасамағанын біле алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Елімізде жемқорлық қылмысы бойынша сотталған азаматтардың тізімі арнайы сайтта жарияланады. Бұл туралы БҰҰ аясында Ташкентте (Өзбекстан) өткен аймақтық конференцияда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші қызмет басшысының орынбасары Жігер Байділдин айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Cайттан қандай лауазымды тұлға қаншаға, қандай бап бойынша сотталды деген сияқты деректерді көре алады.


"Қоғамдық бақылауды күшейту үшін жемқорлардың тізімін жариялау сияқты заңнамалық нормалар пысықталып жатыр. Егер лауазымды тұлға немесе шенеулікке қатысты сот үкімі шығатын болса, онда ол уәкілетті органмен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – авт.) реестрге енгізіледі. Бұл – сайтта жария болады. Кез-келген азамат онлайн түрде сол сайтқа кіріп, қандай лауазымды тұлға қаншаға, қандай бап бойынша сотталды деген сияқты деректерді көре алады.", – деді Жігер Байділдин.


Оның айтуынша, парақорлар тізімін жариялау бойынша әуелі заңнамалық актілерді қабылдау қажет. Агенттік дерегінше, бекітілуі мүмкін ереже ешкімнің заңды құқығын шектемеуі және ҚР Конституциясының талаптарына қайшы болмауы тиіс.


Ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, бұл жүйе жұмыс берушілер үшін тиімді болмақ. Нақты тоқталсақ, қандай да бір кандидатты қызметке алмас бұрын, басшы сол сайтқа кіріп, ол үміткердің жемқорлық жасаған-жасамағанын біле алады.


Сот үкімі бойынша жазасын өтеп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне салынған тыйым уақытын өткергеннен кейін реестрде тұрған азаматтардың деректері тізімнен алынып тасталуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі әзірге бұл талаптарды пысықтап жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.