Павлодарда вакцина паспортын сатып алғанын мойындаған әйел көз жұмды
254
Павлодарда жансақтау бөлімінде вакцина паспортын сатып алғанын мойындаған әйел жүрегі тоқтап, қайтыс болды.
Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, әйел адам шілде айында Нұр-Сұлтан қаласындағы туыстарының үйінде болған.
Ал Павлодарға келген соң 27 шілде күні оның дене қызуы көтерілген. Парацетамол арқылы емделе алмаған соң 29 шілдеде дәрігерлерге жүгінген.
"КҚМ рентгенографиясы жүргізілді, екіжақты пневмонияның белгілері анықталды. Әлсіздіктің артуына және дене қызуының тұрақты түрде көтерілуіне байланысты Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының қабылдау бөліміне өз бетінше жүгінген. КҚМ КТ жүргізілді, полисегментальды пневмонияның белгілері анықталды. Шұғыл түрде стационарға жатқызылды", - дейді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Одан бөлек, пациенттің қан қысымы көтерілгені байқалған, бірақ ол ешқандай есепте тұрмаған. Науқаста құрғақ жөтел мен әлсіздік те байқалған.
Өкпені жасанды желдету аппаратында 18 күн жатқан науқас денсаулығының күрт нашарлауына байланысты қайтыс болған.