Мектеп оқушылары қатарласын топ болып ұрып, жансақтау бөліміне түсірген

1 509

Фото: Instagram/gulmir_ktkЖурналист Гүлмира Әбіқай Қонаев қаласында мектеп оқушылары қатарласын топ болып, соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсіргенін жазды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, оқиға қалаға кіреберістегі көпірдің астында болған.

«Әскер мен мектепте тоқтар емес! Алматы облысының орталығы Қонаев қаласы. Қалаға кіре беріс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, шегу бәрі осында өтеді. Кеше ғана 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған. Бала жансақтау бөліміне түсті, қазір ауруханада. Ата-анасы өзімізді кінәлі қылуда деп жазыпты. Ата-ананы тыңдамайтын, тәртіпке бағынбайтын, инспектордан ықпайтын баланың орны – колония. Ешкім баласын бақша, мектеп, әскерге мүгедек болсын деп жібермейді», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.