Нағашы әжесі көңілдесіне егіз немерелерін зорлауға берген
Алматы облысында егіздерді зорлау ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қыздардың туған анасы небәрі жиырмалар шамасындағы келіншек. Өзі есірткіге тәуелді. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ қауіпсіздігіне ешкім бас қатырып жатпаған сыңайлы.
Қазір қамаудағы Арсыланбек Қыдырбаев полицейлерге ұсталар күні шешесін шақырып, оқиғаның қалай болғанын айтып үлгерген екен. Келіні өз немересін күйеуінің қойнына салып берді деп отыр.
Қорлық көрген егіздердің анасы есірткіге тәуелді дейді. Ал өзінің ішімдікке жақын екенін жасырмай айтып отыр. Өгей немересін зорлады деп айыпталған 40 жастағы күдіктінің мас күйін көршілер сан мәрте көрген. Десе де отбасы тұйық болыпты.
Көршілерінің айтуынша, 40 жастағы үй иесі бірнеше жыл бұрын үйленген. Такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.
Оқиға болған үйдің аумағы жартылай қоршалған. Күдіктінің анасының айтуынша, оған немерелерін зардап шеккен балалардың әжесі өзі әкелген. Ер адам сол кезде мас болған және қылмыстан кейін телефон соғып, не істегенін айтқан.
Қарт әйел баласының ішімдік ішетінін мойындап отыр. Айтуынша, қылмыс жасаған кезде келіні жақын жерде болған және бәрін көрген.
Арсыланбек Қыдырбаевтың тұрақты жұмысы жоқ. Тек ауылда адам тасып күнелтіп келген.
Ал полицейлер екі күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Ол егіздердің нағашы әжесі мен оның көңілдесі. Тергеу жалғасып жатыр.Екі қыз қазір анасымен осы ауылдағы ауруханада емделіп жатыр. Біреуіне ота жасалыпты.