Балабақшадан орын алып беруге уәде еткен алаяқ 4 жылға сотталды
Астана тұрғыны 2ГИС қосымшасы арқылы балаларына балабақшадан орын іздеген ата-аналарды алдап, тоғыз адамнан 590 мың теңге алған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімімен оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тергеу деректеріне сәйкес, ол сегіз ай бойы 2ГИС қосымшасы арқылы балабақшаға баласын орналастырғысы келген ата-аналарды іздеген. Олармен байланысқа шығып, өз қызметтерін ұсынып, таныстары арқылы мектепке дейінгі мекемеден орын алып беруге уәде еткен.
Оның уәделеріне сенген тоғыз тұрғын оған жалпы сомасы 590 мың теңге аударған.
Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырды.
Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және балабақшалардан орын алу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге шақырады.
Қаз
Рус






