Экс-әкімнен тәркіленген мейрамхана тағы да аукционға қойылды

1 519

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың мейрамханасы қайтадан сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тәркіленген "Алтын-Саф" кешені электрон сауда алаңына сатылымға шығарылды. Алдыңғы аукциондар сәтсіз аяқталған, жалпы ауданы 1558,4 шаршы метр болатын ғимаратты сатып алуға ниет білдірген сатып алушылар табылмады.


Мейрамхананың бастапқы бағасы – 805 миллион 529 мың теңге. Биылғы қазанда учаскені бағалау жүргізілді. 17 қарашада аукцион өтеді.


"Нысан Екатеринбург-Алматы тасжолының бойында орналасқан. Учаскеде кафесі бар демалыс орны, от жағатын бөлім және кеңейтілген нысан бар. Ғимарат 2014 жылы салынған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов 2016 жылдың сәуірінде 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оған мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.