Сауд Арабиясы Медина маңында дронды атып түсірді

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИЙеменнің заңды үкіметін қолдайтын Сауд Арабиясының араб коалициясы Медина аймағында және елдің шығыс бөлігінде бес ұшқышсыз ұшу аппаратының ұсталып, атып түсірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Араб коалициясының ресми өкілі генерал-майор Түрки әл-Мәликидің хабарлауынша, Сауд Арабиясына дрон шабуылы жасалған. Белгілі болғандай, коалиция күштері бес дронды атып түсірген. Әл-Мәлики ұшқышсыз аппараттардың Медина аймағында және елдің шығысында жойылғанын нақтылады. Бұл ретте коалиция өкілі дрондардың қайдан ұшырылғанына, сондай-ақ оқиға салдарынан қаза тапқандар мен бүлінген ғимараттардың бар-жоғына тоқталмады.

Йемендегі азаматтық соғыс 2014 жылдың қыркүйегінде басталды. Иран қолдайтын хуситтер ел астанасы Сана қаласы мен бірқатар провинцияны өз бақылауына алған болатын. Сауд Арабиясы бастаған араб коалициясы 2015 жылдың наурызынан бері Йеменнің халықаралық қоғамдастық таныған үкіметіне қолдау көрсетіп келеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.