ҚОРҒАНЫС БӨГЕТТЕРІ НЫҒАЙТЫЛУДА

1 119

Фото: Сырдария Ауданының Әкімдігі«Сырдария» өзенінен суды қауіпсіз өткізу мақсатында қауіпті учаскелерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген жобаларды іске асыру және егістікке су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізіп, қыстағы мол суды Арал теңізі мен көлдер жүйесіне жіберу, шабындықтар мен жайылымдарды суландыру, 2025 жылдың вегетациялық кезеңіне дейін каналдарды тазалау, жөндеу жөнінде тапсырма берген болатын.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы қорғаныс бөгетіне демеушілік есебінен нығайту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, аудандық мәслихаттың депутаты, «Мағжан және К» ЖШС-нің директоры Дархан Ералиевтың демеушілігімен «Шегіртке» учаскесіндегі қорғаныс бөгеті қалпына келтірілді. Аталған жұмыстарға серіктестік тарапынан 4 арнайы техника (1 эксковатор, 1 погрузщик, 2 камаз) бөлініп, қорғаныс бөгеті 1260 текше метр топырақпен нығайтылды. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы мекемесімен Шаған ауылдық округі тұсындағы «Иіркөл» учаскесіндегі қорғаныс бөгетінің 3 шақырымын қалпына келтіру және нығайту жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника (1 эксковатор, 1 бульдозер, 2 камаз) жұмылдырылған.

Теңіз бұрынғы кезде әлемдегі төртінші ірі көл болған, алайда 20 ғасырдың ортасынан бастап, су ресурстарының дұрыс пайдаланылмауы, әсіресе мақта өсіру үшін су алу салдарынан, оның көлемі айтарлықтай азайды.

Арал теңізі 1960 жылдарға дейін 68,000 км² аумақты алып жатты. Су деңгейінің төмендеуі балық аулау саласын қатты зардап шекті, көптеген балық түрлері жойылып кетті. Теңізді қоршаған экология да өзгерді, көптеген жерлерде құмды шөлдер пайда болды. Арал теңізінің тартылуы жергілікті тұрғындардың өміріне, шаруашылықтарға, әсіресе балық шаруашылығына теріс әсер етті. Арал аймағында экологиялық апаттан зардап шеккен халықтың денсаулығы нашарлап, әлеуметтік проблемалар көбейді. Халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер тарапынан Арал теңізінің экологиясын қалпына келтіру мақсатында жобалар іске асырылуда. Теңізді қайтадан толтыру мақсатында су көздерін қорғау және тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Арал теңізі қазіргі уақытта экологиялық дағдарыс аймағы болып саналады, бірақ сонымен қатар, табиғаттың қалпына келуіне мүмкіндік беретін жобалар мен бастамалар бар.