Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

1 589

Фото: pexels.comШымкентте жер телімдеріне қатысты айласын асырған ХҚКО қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Олар мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткен.


Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді.


"Олар Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды. Тергеу барысында сотталған адамдардың Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды. Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн теңгеден астам соманы құрады", - делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.