Ресей әскері «Қазақтарды бауыздау керек...» деген сөзі үшін таяққа жығылды

840

Ресей әскеріндегі қазақтар орыстарды оңдырмай таяққа жықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Мобилизация бойынша әскерге алынған Ресей әскерінде кикілжің орын алған. Ондағы орыстардың бірі «барлық қазақтарды бауыздау керек» деген сияқты сөздер айтқан көрінеді.

Әлгіндей сөз айтқан орысты жазалап жатқан видео
Телеграмм арнасында тарады. Онда бір топ сарбазадың кінәліні қоршап алып, бірнеше соққы жасап, таяққа жыққанын көруге болады. Тепкіге алғандар қазақтар болса керек. Өйткені олар «егер қазақтар туралы тағы бір осындай сөз айтсаң жақсылық күтпе. Барлық қазақ халқы сендер үшін соғысып, сендер үшін қан төгіп жүр, оңбаған. Есіңде болсын!» деп ескерту жасайды. Сондай-ақ олар қазақтармен қатар өзге ұлттардың да орыстар үшін соғысып жүргенін еске салады.