9-сынып оқушысынан ашық туберкулез анықталды

1 482

Фото: pixabay.comАлматы облысының Қаскелең қаласындағы А. Пушкин атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысынан ашық формадағы туберкулез анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қарасай аудандық білім бөлімі хабарлағандай, 18 қарашада мектепке жылжымалы флюоромобиль жіберіліп, 15 жастағы оқушылар флюорографиядан өткен. 20 қарашада мектептің медбикесіне аудандық аурухананың фтизиатр дәрігерінен 9-сынып оқушысынан ашық формадағы туберкулез анықталғаны туралы хабарлама түскен. Оқушы 19 қарашадан бастап сабаққа қатыспаған.

Мектепте дереу санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары қабылданды: ауру анықталған сыныпта тазалық жұмыстары жүргізілді. Сынып оқшауланып, кабинетке 5% гипохлорит ерітіндісімен дезинфекция жасалды.

«Пән мұғалімдері мен кіші қызметкерлерге туберкулез туралы санитарлық-эпидемиологиялық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауру анықталған сынып оқушылары үшін оқшауланған түрде оқыту ұйымдастырылды. 22 қарашада сабақ аяқталғаннан кейін арнайы қызмет мектеп аумағында 4200 шаршы метр жерде дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта мектеп аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен (СЭС) тексеріс нәтижелерін күтуде. Алынған мәліметтерге байланысты қосымша шаралар қабылданады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.