БИЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ 154 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗГЕН

1 508

Өңірлік коммуникациялар қызметіҚызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен 2024 жылдың  І жартыжылдығында барлығы 154 тексеру жүргізіліп, тексеру нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 109 нұсқама берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жалпы басқарма мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек инспекциясының мәселелерімен айналысады. Жүргізілген тексерулер нәтижесімен сәулет-құрылыс және еңбек бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 405 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, оларға жаза қолданылды. Жылдың бірінші жарты жылдығында жеке және заңды тұлғалардан 1 236 өтініш түсіп, олар бойыншазаңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, жауап берілді. Аймақтың бас ақпарат алаңында облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Ғанижан Қалиев алты айдың қорытындысын мәлімдеді. 


"Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласы бойынша айта кетсем. Мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 1 221 хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 640-ы тізілімге енгізілсе, 581 хабарлама заңнама талаптарына сәйкес рәсімделмеуі себепті кері қайтарылды. Сондай-ақ, 806 объектіні пайдалануға қабылдау туралы актінің 488-не оң қорытынды берілсе, 318 актіге теріс қорытынды берілді. Сол сияқты, 70 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан «Е-Qurylys» жүйесіне 1697 айлық есептері түсіп, оның 1316-ы қабылданса, 381-і ескертпемен қабылданды",- деді Ғанижан Піртазаұлы.