RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Қоғам
79

Ақмола облысында 79 жастағы әйел балконнан секірмек болып, елді дүрліктірді

Ақмола облысы, Степногорск қаласында 79 жастағы әйел суицид жасамақ болды. Полицейлер оны құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 


4 шілде күні сағат 12:50-де полицияға әйелдің көршісі хабарласып, көмек сұрады. Оның сөзінше, зейнеткер өзіне өзі қол салатынын айтып қорқытқан. 
79 жастағы әйел балконның қиыр шетінде тұрған. Есікті ішінен іліп алған әйел төменге секіретінін айтқан. 
Полицейлердің бірі әйелдің назарын аударып тұрған сәтте екіншісі есікті сындырып, лезде әйелдің жанына жетіп, оны күшпен ішке алып кіргізді.