Көлік мұз астына түсіп кетті

1 518

Фото: @ sputnik / Kirill Shipitsyn Медиабанкке өтуАтырау қаласы Ақсай ауылының маңында мұз ойылып, көлік мұз астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 21 қаңтар күні сағат 17:40 шамасында болған. Ер адам көлікпен мұз қатқан өзенге шыққан. Кенеттен мұз ойылып кетіп, көлік суға батқан.

"Зардап шеккендер жоқ. Салонда болған екі адам көліктен шығып үлгерген. Осы дерек бойынша 19 жастағы автокөлік жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - дейді құтқарушылар.

Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды мұз үстіне автокөлікпен шығудың аса қауіпті екенін ескертіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.