Алматы әуежайына Қонаев есімін беру ұсынылды

453
Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі мүмкін. Мұны Қазақстан Халық партиясының бір топ депутаты ұсынды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Депутаттар әуежайға Қонаев есімін беру туралы сауалды вице-премьер Роман Склярға жолдаған.

16 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев егер халық бастама көтерсе, Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгерту ұсынысына қосылатынын мәлімдеді. 24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының отырысы өтіп, онда дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағайдың атауын "Дінмұхамед Қонаев" деп өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.