Павлодарда бір жарым жастағы сәби 9-қабаттан құлап кетті

328

Бір жарым жасқа әлі толмаған бүлдіршін 9-қабаттың терезесінен үйдің қалқасына құлап кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда сағат 18.17-де Павлодардағы 103 қызметіне Толстой көшесі, 90 мекенжайы бойынша тоғыз қабат биіктіктен үйдің қалқасына кішкентай қыз құлап кеткен.


“Шақыруға бірінші санатты жеделдік берілді, дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнына жетті. Ауыр жарақаттар алған баланы жедел жәрдем облыстық балалар ауруханасына жеткізді”,  – деді хабарламада.


Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 2021 жылдың 5 қаңтарында дүниеге келген қыз бала кататравма (биіктіктен құлау кезінде алатын жарақат – авт.), ауыр бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, ми затының ісінуі диагнозымен емдеу мекемесіне түскен. Одан бөлек, бүлдіршінге 3-дәрежелі кома, өкпенің, бүйректің травматикалық шок алуы, бауырдың жыртылуы, 3-дәрежелі травматикалық шок, DIC (қан ұюының бұзылуы), ауыр анемия диагноздары қойылған.


Зардап шеккен сәбидің жағдайы өте ауыр, ол жасанды тыныс алу аппаратында, жүрек қызметін қалпына келтіру үшін инотропты қолдаумен жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.