Дәрігерлер науқастың өт қабынан 111 тас алған

1 385

Фото: pixabay.comҚонаев қалалық көпсалалы ауруханасына түскен науқасқа ота жасаған дәрігерлер оның өт қабынан 111 тас алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Емделушінің қазір жағдайы жақсы.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 35 жастағы Қонаев қаласының тұрғынын бауырының айналасы жиі шаншып, ауру мазалаған. Дәрігерлерге жүгінген науқасқа ота арнайы лапароскопиялық құрылғы арқылы жасалған. Нәтижесінде хирургтар әбден асқынып, тасқа толып кеткен өт қабын толық алып тастаған.

Науқастың өті толып тұрғанда жарықшақты гранатаға ұқсас болды. Одан ірілі-ұсақты 111 тас шықты, - дейді хирург Ринат Тоқбазарұлы.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары осыған дейін мұндай оталар дәстүрлі ашық әдіспен орындалса, соңғы жылдары лапароскопиялық әдіске ауысқанды оң бағалады.

Оның емделушіге отадан кейін тез қалыпқа келіп, қатарға қосылуына зор ықпалы бар екенін айтты.

МӘМС аясында жасалған жоспарлы сәтті отадан кейін науқас үйіге шығарылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.