Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шымкентте жер телімдеріне қатысты айласын асырған ХҚКО қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткен.
Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жергілікті филиалының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкімі өз күшіне енді.
Қаз
Рус






