Мектеп қызметкері өз-өзіне қол салды

195
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мектепте жұмыс жасайтын әйел өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 қаңтарда Сарыағаш аудандық ПБ-ға орталық ауруханадан жергілікті тұрғынның сірке суына уланып жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Анықталғандай, жәбірленуші аудан мектептерінің бірінде қызмет істейді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 105-бабы 1 бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тіркелді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.