Қызылордада «Birge taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өтіп жатыр

305

Бүгін «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасы аясында бірқатар өңірде аумақты қоқыстан тазарту бойынша «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында 1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.   

«Birge taza Qazaqtan» экологиялық акциясы аясында Қызылорда қаласындағы денсаулық және демалыс саябағында өткізілген ағаш отырғызу акциясына басқарма мен Қызылорда орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері қатысып, белгіленген аумақта туя, терек және сыр талы ағаштарын екті.

Бұл экологиялық акция 19 мамырынан бастау алып 2 ай жалғасын табпты. Акцияға 6 000 ға жуық мекеме қызметкерлері, түрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, еріктілер мен тұрғындары қатысты.
Бұдан әрі бұл акция облыстың барлық елді мекендерінде әр аптаның сенбі күні бүкілхалықтық сенбіліктермен, тазалық акцияларымен және өзге де көркейту-көгалдандыру шараларымен жалғасын табатын болады.

Акция аясында елді мекендердің төңірегіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қалалардың рекреациялық аймақтарын, саябақтары мен аллеяларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Аулаларды тазалау жұмыстарына өңірлер мен ұйымдардың тұрғындары барынша тартылды, - делінген таратылған хабарламада.   
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза табиғат» ұлттық жобасы бастау алды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірқатар өңірде ағаш отырғызу, бұлақтар мен су айдындарын, аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізді.