Тараздағы жарылыс: Командирдің міндетін атқарушы әскери 15 жылға сотталуы мүмкін

205

Жамбыл облысындағы жарылыс болған әскери бөлімде уақытша командирдің міндетін атқарған азамат енді 15 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Оған қызметіне салғырт қарады және қару-жарақты сақтау, қолдану тәртібін бұзу баптарымен айып тағылған. Бірақ 35 жастағы бұрынғы әскери лауазым иесі өзін кінәсізбін дейді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz. 


Аслан Бақытжановтың айтуынша, ол әскери бөлімдегі проблемаларды айтып, алты ай бойы хат жазумен болған. Алайда одан ешқандай нәтиже болмады, дейді ол.


"Мен ол әскери бөлімде отырып түк істемесем, проблемаларды біле отырып ешқайда жазбасам, көрмесем, онда кінәлауға болады. Бәрін жарылысқа дейін алдын ала жазып отырдық. Болмағаннан кейін әскери прокуратураға дейін жаздық. Неге соның бәрін орындалмайды", - дейді ол.


Бақытжановтың сөзінше, әскери бөлімдегі техникалық ескерту құралдарының тозығы жеткені өзіне таяқ боп тиген. 


Бірақ бұрынғы әскери өрт дабылы мен бақылау камераларының істен шыққанын тиісті орындарға ертерек ескертіп, алты айда 8 мәрте хат жазғанын айтады. Оның сөзіне сенсек, басшылық ешбіріне жауап қатпаған.

Қоймадан шыққан түтінді алдын ала байқау мүмкіндігі болмай, ол жойқын жарылыстарға ұласқан.

Аслан Бақытжанов "дәл осы үшін айыптап, 15 жылға түрмеге жабу – барып тұрған бассыздық" дейді. Сондықтан ол істі әділ қарауды талап етіп отыр.


Еске салсақ, былтыр Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып, 17 адамның өмірі қиылған. Оқыс оқиға кезінде жоғалып кеткен бір әскериден әлі күнге хабар жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.