"Тағы екі вирус пайда болады": Көрікпел пандемияның қашан аяқталатынын болжады
537
Пандемия мен карантиндік шектеулердің қашан аяқталатыны көпшіліктің көкейіндегі сауал,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Карантиндік шектеулер бастала салысымен жұртшылық елдегі балгер, көрікпелдердің болжамына дейін назар аудара бастады. Солардың бірі карантинді 2020 жылдың мамырында аяқталады деп болжаған Кажетта есімді көрікпел.
“Коронавирус деп атын атай бермеңіздер! Сөздің қуаты бар. Жаман аурудың атын атап өзімізге шақырмайық. Бұл ауру бізде ұзаққа созылмайды. Мен оны тек 6 мамырға дейін көріп тұрмын”,-деген болатын.
Алайда соңғы болжамы алдыңғысынан мүлде ерекше болды. 1 ай бұрын ол жаңа деректермен көпшілікті таңдандырды.
“Бұл індет 4 жылдай уақытқа созылады. 2024-2025 жылдарға қарай кетеді. Омикрон келеді, одан кейін тағы екі вирус пайда болады. Кейін ең қиыны адамдар арасында ми тамырлар ауруы асқынып, елде суицид жағдайлары көп орын алады”,-деп келтірді Кажетта Ахметжанова.
Жердің ақпараттық қабаты негативке толып кеткендіктен өз өзіне қол жұмсау келешкете көп болады деген көрікпел пікіріне вирусолог, ғалым былай деп жауап берген.
“Меніңше бізге кішкене шыдам керек. Індет көктемге дейін таралады. 1,5-2 айдан кейін оның таралу қарқыны әлсіреп қалыпты жағдайымызға ораламыз”,-деді медицина ғылымдарының докторы, вирусолог Алмаз Шарман.
Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәліметінше қазір омикронға байланысты эпидемиологиялық ахуалдар нашарлағандықтан, жағдай бақылауға алынған. Қазір ауру қарқыны тәулігіне 16 мыңнан 2 мыңға дейін төмендеген. Бұл жағдайдың тұрақталып келе жатқандығының дәлелі.
Тағы да оқыңыздар
Кіші Арал – көптің үміті
1 506