ЕРСІ ҚЫЛЫҚТЫ ЖАСТАРҒА ТҰРҒЫНДАР НАРАЗЫЛЫҒЫН БІЛДІРУДЕ
762
Қызылордалық тұрғындар топтасып шылым шегуші жастарға наразылықтарын білдіруде,– деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласында соңғы кездері жастар мен жасөспірім жеткіншектердің құқықбұзушылықтары мен өрескел тәртіп сақтамау деректері көбейген. Оған әлеуметтік желіде қала тұрғындары жиі қарсылықтары мен наразылықтарын білдіруде. Топтасып төбелесу, топтасып шылым шегу, және вандализм деректері саны артып тұр.
Мәселен, Қазыбек би көшесінің 43 үй тұрғындары:
«Орда колледжінің балдарынан шаршадық. Ауламыздың бәрін былғап, шеккен темекілерін тастап, одан қалды түкірулерімен әбден шаршатты. Ауланың барлығы лас, қақырыққа толы. Аяқ басып жүру мүмкін емес. Кішкентай балдар болса да, ауыздары боқтыққа толы. Орда колледжінің ұжымына, өтініш, балдарына жиналыс жасап, аулаға жолатпасаңыздар. Болмаса кішкентай балдарымыз аулаға шығып ойнаудан қалды. Тиісті шаралар қарастырылып, ретке келтірілсе екен дейміз.»
«Қыз қылығы түзде» демекші, ата-аналары ұл-қыздарының үйден шығып кеткеннен кейінгі іс-әрекеттерінен бейхабар болатындығын тағы бар. Үйде ерсі іс-әрекеттерден бойын аулақ ұстаған балаларының, сыртқа шыққаннан кейінгі бейнесін аула тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы хабардар етіп, көрсететіндігін де жеткізді. Қала тұрғыны, қарт аналарымыздың бірі Дәмелі апамызда:
«Өте орынды мәселе көтеріліп отыр, қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салыну керек. Аяқ басып жүретін таза жер жоқтың қасы. Тіпті ұшынып та қаласың. Неге білім орадалары этика, эстетика сабақтарын оқытпайды. Жастарға іс-әрекеттерінің дұрыс еместігін балабақша мен мектеп жасынан бастап ұғындыру керек қой. Көпшілік жерде өздерін қалай ұстауды да үйреткен жөн.»
Топ болып, жиылып, темекісін қорқордай қорылдата тартқан қала жастарының бірі Арман Наурыз былай дейді:
«Мектеп табалдырығынан шылымды шеге бастадым, ол кезде 13 жаста болатынмын. Қасымдағы жолдас балаларым алып, шеге бастаған соң қатардан қалмайын деп шеккен болатынмын. Бірақ, осы күнге дейін әлі доғарған емеспін. Қызық үшін көріп, өзім үшін де қоя алар емеспін. Тоқтатамын дегенмен, басым ауырып, іздеп тұрамын. Бір затым кем секілді көрінеді».
Иә, басында қызығушылықпен басталған әдет соңында тәуелділікке алып соғатыны белгілі. Десе де қоғамдық ортада жұрттың наразылығын тудырып жатқан жағымсыз жағдайларға жауапты мекеме болса ? Жастармен жұмыс істейтін төбедей болған ұйымдар мен мекемелердің жұмыс нәтижесі қайда деп осындайда айтқың келеді.
АЙБАР