СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

1 212

Сырдария ауданыБүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтіп, күн тәртібінде 3 мәселе қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Бөтен мүлкін ұрлығы қылмысының алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы"  аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділхан Қанзадаев хабарлама жасады. Полиция подполковнигі жыл көлемінде құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесін жеткізді.


Ал «Бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған шаралар туралы» екінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев баяндады.


Үшінші мәселе "Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы" аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Әділхан Қанзадаев пен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейірхан Бақытжанұлы ақпарат беріп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғалары мен онда зардап шеккендердің санын төмендету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Отырыс қорытындысында аудан басшысы хаттамалық тапсырмалар жүктеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.