Ұшақ апаты кезінде дронмен видео түсірген блогер қамалды

1 418

Фото: instagram/ Азамат СәрсенбаевБлогер Азамат Сарсенбаев Ақтаудағы әуе апаты маңайын дронмен түсіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сәрсенбаевтың адвокаты Айбек Сүйіндіковтың мәліметінше, Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық сотының қаулысына сәйкес, Сарсенбаев құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады.

Сонымен қатар, адвокаттың айтуынша, жаза қылмыстық кодекстің 667-бабының 1-бөлігі «Билік өкілінің заңды талабына бағынбау» бойынша тағайындалған, ол 15 тәулікке дейін қамауға алу шарасын көздейді. Сот істің мән-жайын ескеріп, ең төменгі жазамен шектелген.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ, Азамат Сарсенбаевтың қорғаушысы шешімге шағым түсірмек ниетте екенін айтып, қорғауындағы адамның әрекеттерінде жаман пиғыл болмағанын және оның қоғамды ақпараттандыруға бағытталғанын атап өтті.