Көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс бетон маңдайшасы құлап, бір адам мерт болды

190

Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйдің бетон маңдайшасы опырылып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Дерекке сүйенсек, оқиға 9-шы ықшам ауданда орналасқан №4 үйде болған. Тұрғын үй кіре берісіндегі бетон маңдайша құлап, сондағы 3 азамат зардап шекті. Тіпті бірі оқиға орнында көз жұмған. 


Куәгерлердің айтуынша, олар – ескі маңдайшаны ауыстырмақ болған тұрғын үй шаруашылығы қызметкерлері. 


“Қазір зардап шеккендер тексеріліп жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Жалпы екеуінің де жағдайы тұрақты”, – деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.


Оқиға орнында құзырлы орган жұмыс істеуде. Істің толық мән-жайы тексеріліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.