Ресейліктерге Қазақстан ЖСН-і сатыла бастады (ФОТО)

355
Ресейде бизнестің жаңа түрі пайда болды. Telegram-да қазақстандық ЖСН саудасын жарнамалайтын делдалдар пайда болған. Оны қазақстандық JexeNews Telegram арнасының өкілдері әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

JexeNews арнасының хабарламаларында делдалдар қазақстандық ХҚКО-да «өз адамдары» барын айтып, ресейліктерге Қазақстан ЖСН-ін 4500 рубльге (30 мың теңге шамасында) қашықтан рәсімдеп беруге уәде еткен.

"Қазақстандық ЖСН-ды рәсімдеу үшін бар болғаны куәліктің сканерленген нұсқасын және ақшаны жіберу жеткілікті. Рәсімдеу 1-2 күн уақыт алады. Делдалдар клиенттеріне ЖСН-нің түпнұсқа болатынына және бірден ҚМД сайтына тіркелетінін айтып, сендіріп жатыр", – делінген Telegram жазбасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.