Байқоңырда медициналық орталықтың бас дәрігері өзіне 2,5 млн теңге сыйақы жаздырып алған

341

Байқоңыр қаласында көпсалалы аурухананың бас дәрігеріне қатысты бөтен адамның мүлкін иемдену ісі бойынша тергеу жүргізілуде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


“Тергеу барысында 2020 жылдың желтоқсанында Байқоңыр қаласының көпсалалы ауруханасының бас дәрігері өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, өзіне сыйлықақы төлемдерін заңсыз есептеу арқылы медициналық мекемеге тиесілі 2 млн 500 мың теңгеден астам ақша жымқырғаны анықталды”, – деді “Байқоңыр" кешенінің прокуратурасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жасалған әрекеттің барлық мән-жайын анықталуда.  Байқоңыр қаласының Көпбейінді ауруханасы" МКК келтірілген материалдық залалды өтеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Кешенді прокуратура қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алған.