"Жезөкшеден айырмашылығың не?" Белгілі әнші хиджабтағы сексологтарды сынға алды

487
Елімізге белгілі жыршы-термеші Айгүл Елшібаева хиджаб тағып жүрген сексологтарды "нәпсіқұмарлықты наситахттап жатыр" деп сынады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Дәстүрлі әншінің айтуынша, "супер бомба" тренингтерін өткізетін хиджабтағы сексолог, интим тренерлер діннің атын жамылып, жат нәрсені насихаттап жүр.

Діннің атын жамылған, сырт киімі хиджабтағы сексолог, әйелдер орталығындағы интимдік қатынасты дәріптейтін нәпсіқұмар, сабақ сатқан қатындар! Ондай дипломды қай университетте оқып алдыңдар?—деп ашына жазды әнші.

Ол ілім рухани, нәпсіни болып екіге бөлінеді дейді. Сонымен қатар, діннің мақсаты нәпсіңді тиып, нәпсімен күрес, иманға келу, түрлі жезөкшенің интимдік қатынасын үгіттеу емес екенін атап өтті.

Дін — рухани кемелдену, ғылыми даму, мәдениет, өркениет, көркем мінез деп оқып едік. Сендер нәпсінің хайуандық дәрежесі мен жезөкшелікті насихаттап жатырсыңдар ма?,-дейді ол.

Әншінің айтуынша, қазақтың тарихында әйелдер "жалпақ елге әйел мен еркектің арасындағы интимдік қатынасты үйретпеген.

"Байларың, 4-қатынға дейін алғасын, еркекті ырықсыз шабатын хайуандай көріп, байларыңды қалай матап ұстарларыңды білмей, бар өнерлеріңді көрсету үшін, жезөкшеліктің түр-түрін үйретіп жатсыңдар ма? Не масқара? Қазақтың тарихында қай әйел, қай кемпір, қай әжең жалпақ елге әйел мен еркектің арасындағы интимдік қатынасты үйреткен. Instagram, YouTube-те де басына хиджап таққан қатын отыр жезөкшеліктің түр-түрін үйретіп" — деді Айгүл Елшібаева.

"Бастарыңдағы хиджапты қор қылып, періштедей оранып, байлап алып, ислам дініне кір келтіргенше, шайтанның жетегіндегі нәпсіңді тыймайсың ба, сенің жезөкшеден айырмашылығың не?" дейді әнші.

"Батыстан келген жабайылықтан үлгі алып, қазақы менталитетімізден айырып, үйдегіні сыртқа шығармаған сипатымыздан айырып, отбасы құндылықтарындағы махабат, сенім мен құрметті тек нәпсінің жетегіне байлаған, шайтанның қарбашалары, доғарыңдар мұндай көргенсіздікті!" — деп жазды әнші парақшасында.