Қызылордадан Түркістанға экскурсияға шыққан оқушылар мінген автобус өртенді
Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға шыққан «Газель» өртенді. Көлік ішінде жүргізуші мен 16 оқушы болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға «Шымкент-Самара» автожолында орын алған. 2024 жылдың 8 мамыр күні сағат 11.00 шамасында Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан ата-аналар балаларымен бірге Туркістан қаласына экскурссияға шыққан.
Мінген спринтер жеке көліктері бұзылып, жүргізуші машина бұзылғандығын ескертіп, балаларды басқа автокөлік шақырып, ауыстырған.
Автокөлік жүргізушісі өзі жолда қалып, машинаға жөндеу жұмысын жасап жатқан кезеңде көлік маторынан ахау шығып, салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнына барған педагог, психолог мамандар тарапынан
Балалармен ата-аналарға қолдау көрсетілді. Оқушылар аман-есен отбасыларына оралғанын мәлімдейді Жалағаш Аудандық Білім Бөлімі.