Қаңтардағы қақтығыста бүлікшілер Қызылорда облыс әкімін қолға түсірмек болған

802
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы бейбіт митингіге келгендермен келіссөздер жүргізу кезінде бұзақы топ қолға түсірмек болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Aray City Mall сауда үйінің алдына жиналған шерушілермен кездесуге Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келді. Алайда келіссөздер нәтиже бермеді. Жиналғандар ештеңе тыңдағысы келмеді, әдепсіз сөздер айтты, түрлі әрекеттер жасады. Облыс әкімі көлікке мінген кезде оны бұзақы топ ұстамақ болып әрекет жасады. Гүлшара Әбдіқалықова Полиция департаментінің арнайы бөлімшелерінің күшімен құтқарылды", - деді Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қаңтар айында орын алған қақтығыс кезінде Қызылорда облысында болған тәртіпсіздіктер кезінде басқыншылар 17 мемлекеттік мекеме мен 21 жеке сектор субъектілеріне шабуыл жасаған. 65 көлікті өртеп, 80 көлікті бүлдіріп, екеуін ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлаған болатын.
 
"Қақтығыс кезінде 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз түрлі дәрежеде жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан 6 бүлікшінің мәйіті ұрланды", - деді полицейлер.

Бүгінде облыста қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, облыстық полиция қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылданған. Өңірлік тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқтығы да аталып өтті.