Жеңістің 80 жылдығын атап өтетін әскери шеруге 2,5 миллиард теңге бөлінбек
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Астанада әскери шеру өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шерудің ұйымдастыру жұмыстарына бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінбек
Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович мемлекеттік бюджеттен бөлінетін 2,5 миллиард теңгенің неге жұмсалатынын тізбектеп берді.
Сондай-ақ алғаш рет алаңда Қазақстан аумағында жасақталған әскери бөлімдер – 23 дивизия мен бригадалардың жауынгерлік тулары мен Әскери тарих мұражайында сақталған Т-34 танкіндегі Жеңіс туының көшірмесін алып өтеді.
Шеру кезінде соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілері де көрсетіледі. Шеруге барлығы 4,5 мыңға жуық адам қатысады.