Безбүйрек ана сәбиін аукционмен сатып жіберген

442
Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі astanatv арнасына сілтеме жасап.



Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздеген. 

Екі сатып алушыны тауып, көбірек ақша берген адамға баласын ұстатып жіберген. Безбүйрек ана Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны көрінеді. Тіпті келіншектің бұған дейін де баласын сатқан болуы мүмкін деген ақпарат бар. Полиция департаменті ақпаратты растады. Қазір «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабымен іс қозғалды. Күдікті әзірге баласының жанында, бостандықта.

Қазіргі таңда 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚК 135-бабы, 2-бөлігі,2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды балаға және анасына. Сондай-ақ қазіргі таңда куәгерлерден жауаптар алынды. Өзге ақпапаттар ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.