Жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

1 597

Фото: Lada.kzМаңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.


Жол апаты Жаңаөзендегі тасжолда болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік жолдан шығып, аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Зардап шеккен бір адам Жаңаөзен ауруханасына жеткізілді.


Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдемге шақыру кеше, 21 сәуірде сағат 17:43-те түскен.


«Шақыруға екі жедел жәрдем бригадасы, атап айтқанда «Медикер» жедел жәрдемі келді. Олар бір жәбірленушіні Жаңаөзен ауруханасына жатқызды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тағы екі адам көз жұмды. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.