Қазақстандықтардың есепшоттары толық бұғатталмайды

1 537

Фото: ©freepik.comЕнді қарызы бар қазақстандықтардың банктік шоттары толық бұғатталмайды, тек қарыз сомасына ғана тыйым салынады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда қарызы бар азаматтардың банктік шоттарын толық бұғаттау тәжірибесі жойылады. Енді шотқа тек қарыз сомасы көлемінде ғана шектеу қойылады.  Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков заңнамаға енгізілетін өзгерістер туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұған дейін азаматтардан банктердің шоттарды толық бұғаттауына байланысты көптеген шағым түскен.

"Азаматтардан өте көп шағым түсті: егер қандай да бір қарызы, мысалы айыппұлы болса, банктер бүкіл шотты бұғаттап тастайтын. Енді бұл жүйені жетілдірдік, жеке сот орындаушысы тек сіздің қарыз сомасына ғана тыйым сала алатын болады. Енді бүкіл шот бұғатталмайды. Қазір бұл жұмысты банктермен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, тиісті хаттар жіберілді, жақын уақытта бұл қызмет іске қосылады", – деді олл

 Қазіргі уақытта бұл өзгерістерді іске асыру үшін банктермен бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тиісті хаттар жолданып, жаңа жүйе жақын арада қолданысқа енгізіледі. Жаңартылған тәртіпке сәйкес, енді жеке сот орындаушылары шотқа тек нақты берешек көлемінде ғана шектеу қоя алады. Осылайша, азаматтардың қалған қаражатын пайдалану мүмкіндігі сақталады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.