Қызылордада Тәжікстанға бағыт алған жүк көлігі өртеніп кетті

212
Қызылорда облысында Тәжікстанға бағыт алған жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 қараша сағат 19.40 шамасында болған.

112 құтқару қызметіне «Самара-Шымкент» трассасының Арал ауданы аумағындағы 1340 шақырымында жүк көлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.

«Хабарлама бойынша өртке қарсы қызметтен бір техника, 7 қызметкер жұмылдырылды. Барлау нәтижесінде Ресейден Тәжікстанға бағыт алған «Volvo» жүк автокөлігінің тіркемесіне тиелген тұрмыстық техника мен жиһаздар толығымен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде жалынның жүк көлігі кабинасына таралуына жол берілмеді», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.

Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жау 20.27-де оқшауланып, 20.53-те толығымен сөндірілді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.