Мопед айдайтындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттелмек

1 619

Фото: baigenews.kz/Арман МухатовІшкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопед жүргізушілеріне талап күшейетінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“Қозғалтқыш көлемінің қандай екеніне қарамастан барлық мопед көлікке жатқызылады. Оларды айдау үшін А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу және 16 жастан асу керек. Осыдан кейін мопедтердің бәрін тіркеп, есепке қоямыз”, – деп атап өтті Игорь Лепеха. 


Вице-министрдің сөзінше, қазір осы көлік түрін айдайтындарға ешқандай жауапкершілік жүктелмеген.


“Оларды анықтау қиын. Мопед жүргізушілері де соған үйреніп алған – ешкім танымайды, тіркемейді, ұстамайды. Егер автокөлік жүргізушісі мас күйде ұсталса біз оны 7 жыл көлік айдау құқығынан айырамыз. Жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көбі мопедке “отырады”, себебі оларға қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін тек 5 АЕК айыппұл салынады – болды”, – деп түсіндірді Игорь Лепеха. 


Министрдің орынбасары әкімдерге де қосымша өкілеттілік берілетінін атап өтті.


"Бұл түзетулер пакетінде тағы бір өте маңызды норма бар. Енді әкімдерде самокаттарға қатысты реттеу өкілеттігі болады. Яғни олар өздерінің қосымша ережелерін бекіте алады. Яғни осы көлікпен қайда өтуге болатынын, олардың қозғалысына қай уақытта тыйым салу керегін белгілейді. Мысалы, жексенбі күні саябақтарда серуендеп жүрген адамдар көбейгенде, паркте самокаттардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін", - деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.