Әйелін ұрып-соққандар енді 295 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді
Әйелін ұрып-соққандар енді 295 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 25 тәулікке қамауға алынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ал денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 қоғамдық жұмыс не 50 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылады.
Жаңа "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңмен" қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстер мен әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді.
Ең басты өзгеріс — бұдан әрі әдейі ұрып-соғуға және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс бірнеше рет қайталанатын болса, іс бұқаралық айыптау ісіне айналады, сондықтан іс жәбірленуші арызын бар-жоғына қарамастан ашыла береді. Сотқа уақытша құқықбұзушыны үйден қуу шарасын тағайындауға рұқсат берілді, сонымен қатар, сот агрессорды психологиялық емдеуге жібере алады.
Әкімішілік жауапкершілікке келер болсақ, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды орындамаған ата-аналарға қатысты әкімшілік жаза енгізілді. Одан бөлек алғаш рет буллинг, кибербуллинг пен кемсіту әрекеттері үшін жаза тағайындалатын болады. 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен күштеп шығарғаны үшін де әкімшілік жаза қолданыдатын болады.