ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «БИБІГҮЛ АНА» сауда үйінде экспромт кездесу өтті

1 212

Жалағаш ауданыБүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі аумақтық Халықтық штаб өкілдері Қ.Дәулетова, Е.Айғараев, Б.Шілдебаев «БИБІГҮЛ АНА» сауда үйінде экспромт кездесу өткізіп Мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдумның маңыздылығы жөнінде айтып өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», – деді Б.Шілдебаев —Қ.Дәулетова бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтті. Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту деді.Штаб мүшелерінен ақпарат алған азаматтар өздерінің пікірлерін ортаға салып, АЭС салуға оң көзқарастарын білдіруде.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.