Биыл 700 мыңнан аса оқушы тегін тамақпен қамтылды

1 332

Фото: pixabay.comҮкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсету маңызды екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл 44 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. Маңызды жетістіктердің бірі – цифрлық құжаттарды енгізу.

Қазақстандықтар ұшақтарда, пойыздарда цифрлық құжаттар базасы негізінде жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз алаңсыз қызмет алды. Биыл 200 млн-нан астам қызмет көрсетілді, - деді Жаслан Мәдиев.

 Сондай-ақ онлайн нотариус қызметі де бар. Адамдар Қазақстанда болмаса да онлайн қызмет ала алады. Мұндай қызмет 175 мыңнан астам рет көрсетілді.

 Жаслан Мәдиев қазақстандықтарға ұсынылатын проактивті қызметтерді енгізу маңызды екенін атап өтті. Министр әлеуметтік әмиян жобасына тоқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз екі негізгі қызметтен бастадық: оқушыларға тегін ыстық тамақ беру және тегін дәрі-дәрмек ұсыну, - деді ол.

Айта кетейік, бүгінде 703 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, 2 мыңнан астам мектеп қамтылды. Барлық мемлекеттік дәріхана жүйеге толық қосылған және 1,5 млн-нан астам рецепт берілген.